HP ENVY 4504 e-All-in-One Printer User Manual Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 114
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
Автоматты түрде өшіру
Принтер қосылғанда, Автоматты түрде өшіру параметрі әдепкі бойынша автоматты түрде
қосылады. Автоматты түрде өшіру функциясы қосылған кезде қуаттың тұтынылуын үнемдеуге
көмектесу мақсатында принтер құрылғы қолданыста болмаған 2 сағаттан кейін автоматты
түрде өшіріледі. Автоматты түрде өшіру параметрі принтерді толығымен өшіреді, сондықтан
принтерді қайтадан қосу үшін қуат түймешігін пайдалану керек. Сымсыз қосылым немесе
Ethernet желілік мүмкіндігі бар принтер үлгілері үшін принтер желімен сымсыз қосылым немесе
Ethernet желілік қосылым орнатқан кезде, Автоматты түрде өшіру автоматты түрде өшіріледі.
Автоматты түрде өшіру параметрі өшірулі болғанмен, пайдаланылатын қуат көзін азайту үшін 5
минут жұмыс істемесе, принтер күту режиміне автоматты түрде ауысады.
Автоматты түрде өшіру параметрін басқару тақтасынан өзгерте аласыз
Автоматты түрде өшіру параметрін өзгерту үшін
1. Принтер дисплейіндегі
Главная (Басты) экранынан Параметрлер мəзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Главная (Басты) экранын көрмесеңіз, Главная (Басты) түймешігін
басыңыз.
2. Параметрлер мəзірінен Автоматты түрде өшіру тармағын таңдаңыз.
3. Автоматты түрде өшіру параметрінен Қосулы немесе Өшірулі параметрлерін таңдаңыз,
содан соң параметрді растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Параметрді өзгерткенде, принтер параметрді сақтайды.
KKWW Автоматты түрде өшіру
9
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 113 114

Comments to this Manuals

No comments