HP EliteDisplay E233 23-inch Monitor User Manual Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
2 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
Монитормен бірге оптикалық дискі берілсе, оның ішінде компьютерге орнатуға болатын файлдар
болады. Оптикалық дискі болмаса, файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға
болады
.
INF (Ақпарат) файлы
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
HP Display Assistant бағдарламалық құралы
Ақпарат файлы
INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Windows® операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Microsoft Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді және монитор INF файлын орнатпай-
ақ дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердің
графикалық картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей
графикалық картаға қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC коннекторлары немесе
тарату буферлері/қораптары арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
INF және ICM файлдарын орнату
Жаңарту керектігін анықтағаннан кейін файлдарды орнатудың келесі әдістерінің бірін пайдаланыңыз.
Оптикалық дискіден орнату (кейбір аймақтарда қолжетімді)
INF және ICM файлдарын компьютерге оптикалық дискіден орнату үшін:
1. Оптикалық дискіні компьютердің оптикалық дискі жетегіне салыңыз. Оптикалық диск мәзірі
көрсетіледі.
2. Содержит информацию о программном обеспечении монитора HP (HP мониторындағы
компьютерлік бағдарлама) файлын қараңыз.
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз.
16 2-тарау Мониторды пайдалану
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments