Монитор тұғырын алу
Дисплей басын тіреуіштен алып, оны қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату
құрылғысына орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, барлық кабельдердің
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
1. Барлық кабельдерді монитордан ажыратыңыз.
2. Монитордың бетін төмен қаратып, таза, құрғақ матамен жабылған тегіс бетке орналастырыңыз.
3. Монитордың (1) астыңғы ортасына жақын ысырманы жоғарыға итеріңіз.
4. Тұғырдың астын ілетін тақтайшасы панельдегі қуыстан шыққанша тербетіңіз (2).
5. Тұғырды қуыстан сырғытып шығарып алыңыз.
14 1-тарау Жұмысқа кірісу
Comments to this Manuals