HP OMEN Notebook - 15-5220nr (ENERGY STAR) User Manual Page 61

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 81
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 60
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы
өнімдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы өнімдерде қолжетімді болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен
құпия сөзді орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір немесе
бірнеше саусақ ізін тіркеңіз.
HP SimplePass бағдарламалық құралы көмегімен саусақ ізін тіркеу үшін, келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын ашу үшін саусақ ізі сенсорында
бір саусақпен жүргізіп өтіңіз.
2. HP SimplePass сәлемдесу экраны көрсетілгенде Приступаем к работе (Жұмысты бастау)
опциясын таңдаңыз.
3. HP SimplePass бағдарламасы оң сұқ саусағыңызды сенсордан өткізуіңізді ұсынады.
4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз.
Тіркеу сәтті аяқталса, суретте көрсетілгендей, тиісті саусақ жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі.
5. Қосымша саусақ іздерін тіркеу үшін, 1 мен 4 аралығындағы қадамдарды
қайталаңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық
құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде
компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және желіаралық
қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы
компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған вирустардан және
басқа
қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін қауіпсіздік бағдарламалық
құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе таңдауыңыз бойынша
бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың
қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін
тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала
орнатылуы мүмкін. Компьютерді толығымен
қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
немесе
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
KKWW Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы өнімдерде)51
Page view 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 ... 80 81

Comments to this Manuals

No comments