HP OMEN Notebook - 15-5220nr (ENERGY STAR) User Manual Page 38

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 81
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 37
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды гарнитураны
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) тізбекті ұясына қосуға
болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі
опциясын таңдаңыз, Аппараттық құрал және дыбыс опциясын таңдап, Дыбыс пәрменін
таңдаңыз.
немесе
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Компьютеріңізде Bang & Olufsen, DTS, Beats audio немесе басқа жеткізушінің кеңейтілген дыбыс жүйесі
болуы мүмкін. Нәтижеде компьютеріңізге аудио жүйеңізге арналған аудио басқару панелі арқылы
бақыланатын кеңейтілген аудио мүмкіндіктері қосылуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару
панелін пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына басқару панелі сөзін теріп, Басқару панелі,
Аппараттық құрал және дыбыс бөлімдерін таңдап, жүйеңізге арналған аудио басқару панелін
таңдаңыз.
немесе
Бастау түймесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Басқару панелі, Аппараттық құралы және
дыбыс және жүйеңізге арналған аудио басқару панелін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс
ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
28 5-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану KKWW
Page view 37
1 2 ... 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 ... 80 81

Comments to this Manuals

No comments