HP ZBook 17 G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 45

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 85
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 44
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе
компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні таңдаңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін таңдаңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түрту немесе саусақты жылжыту.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, компьютерде жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күйін қосу және одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса
батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
Күту күйін қосу үшін
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Гибернация (Ұйқы режиміне өту) пәрменін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану
Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Қуат
көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Қуат параметрлерін орнату 35
Page view 44
1 2 ... 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 ... 84 85

Comments to this Manuals

No comments