1 Алғашқы жұмыс
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желіге қосылу (19-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Қауіпсіздік (42-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, Құрамдас бөліктер (4-бет) және Экранда шолу (25-бет) бөлімдерін
қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен
жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық
құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге
берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (57-бет) бөлімін
қараңыз.
1
Comments to this Manuals