HP ZBook 17 G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 37

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 85
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 36
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера
мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Құрамдас бөліктер (4-бет) бөлімінде
қараңыз
.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютердің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Камераны ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программыарлық бағдарламалар) > Общение и чат
(Байланысу және чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (тек таңдаулы өнімдерде ) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам
дискілер ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін,
құлақаспаптарды немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
(30-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР
анықтамасы және қолдау) > Документация HP (HP құжаттамасы) тармақтарын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон)
біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) 27
Page view 36
1 2 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 ... 84 85

Comments to this Manuals

No comments