HP ZBook Studio G4 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 61

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 93
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 60
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу
Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде
қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер
диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта
ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
Егер аталған жағдай орын алса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған
кезде, бастапқы компьютердің BIOS әкімші құпия сөзін (құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған
пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөз енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз
.
DriveLock қолмен таңдау
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын
болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден
қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз,
қатты диск мүлдем жабылып қалады және оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолмен қолдану үшін негізгі құпия сөзді орнату және Computer
Setup құралында DriveLock мүмкіндігін қосу қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі нәрселерді
ескеру қажет:
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана DriveLock
пайдаланушы құпия сөзі немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күнделікті пайдаланушысы
болуы тиіс. DriveLock негізгі құпия сөзінің иесі жүйе әкімшісі немесе күнделікті пайдаланушы
болуы мүмкін.
DriveLock пайланушы құпия сөзі және DriveLock негізгі құпия сөзі бірдей болуы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану 49
Page view 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 ... 92 93

Comments to this Manuals

No comments