HP ZBook Studio G4 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 51

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 93
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 50
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы қуат көзін ажыратқан кезде батарея зарядын сақтау үшін дисплей жарықтығы
автоматты түрде азаяды. Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика режимдері
арасында ауыса алады.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін. Компьютер үлгісіне және компьютермен берілген HP
айнымалы ток адаптеріне қарай, HP жылдам зарядтау мүмкіндігі мына жолдардың біреуімен
орындалады:
Қалған батарея заряды нөл және 50% аралығында болған кезде батарея ең көп 30 минутта толық
сыйымдылығының 50% дейін зарядталады.
Қалған батарея заряды нөл және 90% аралығында болған кезде батарея ең көп 90 минутта толық
сыйымдылығының 90% дейін зарядталады.
HP жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін, компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток
адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
Батарея зарядын көрсету
Батарея зарядының қалған пайыздық көрсеткішін және ағымдағы қуат жоспарын қарау үшін, тінтуір
меңзерін Қуат белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
HP Battery Check
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Энергосбережение (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 39
Page view 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 92 93

Comments to this Manuals

No comments