HP ZBook Studio G4 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 93
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
Әрекет пернелері
Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді
анықтау үшін Арнайы пернелер (13-бет) бөлімін қараңыз.
Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор
компьютерге жалғанған болса, пернелер тіркесімін қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір
уақытта көрсету үшін экран суретін компьютерден мониторға ауыстырады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті ажырату үшін fn пернесін
және сол жақ shift пернесін басып ұстап тұрыңыз. fn lock шамы жанады. Әрекет пернесі мүмкіндігін
ажыратқаннан кейін әр функцияны іске қосу үшін, тиісті әрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
14 2-тарау Бөліктер
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 92 93

Comments to this Manuals

No comments