HP ZBook 15 G4 Mobile Workstation User Manual Page 30

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 93
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 29
3 Желі қосылымдары
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth® құрылғысы – компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ
желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады
және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут)
қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана
отырып басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймешігі («ұшу режимі пернесі» немесе «сымсыз байланыс пернесі» де деп
аталады) (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады).
Амалдық жүйе басқару элементтері
18 3-тарау Желі қосылымдары
Page view 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 ... 92 93

Comments to this Manuals

No comments