HP Stream Notebook - 13-c103no (ENERGY STAR) User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 71
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа
компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта
жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз HP DataPass құралын қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар
қолданылмайды.
HP DataPass бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (17-бет) бөлімін
қараңыз.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің IMEI жəне/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір компьютердің түбіндегі батарея
орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында компьютердің
төменгі жағында орналасқан жапсырмаға басылған.
немесе
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі
күйінің белгішесін басыңыз.
2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз.
3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі
күйінің белгішесін басыңыз.
Кейбір ұялы байланыс операторлары абонентті анықтау модуль (SIM) картасын пайдалануды талап етеді.
SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы
ақпарат қамтылады. Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын
ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын
ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты модулі
құжаттарының ішінде берілуі мүмкін. Немесе ұялы байланыс операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті
іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді
кең жолақты модулі
туралы ақпаратты қараңыз.
HP DataPass бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP DataPass бағдарламасы арқылы мобильді кең жолақты модульге жылдық төлемсіз, кредиттік
карталарсыз жəне орташа есептелген ақыларсыз кіру мүмкіндігі беріледі. HP DataPass бағдарламасы
көмегімен құрылғыңызды қосып, тіркелесіз де, Интернетке қосыласыз. HP DataPass құралы құрылғыны
сатып алған кезде төленетін айлық деректер бумасын қамтиды. Қосымша ақпарат алу үшін,
http://www.hp.com/go/hpdatapass тарауын қараңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге
жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 17
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 70 71

Comments to this Manuals

No comments