HP Stream Notebook - 13-c103no (ENERGY STAR) User Manual Page 60

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 71
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 59
(əлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Əрі байланыс ақпаратын HP веб-
торабында табуға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау жəне жеке мəліметтердің сақтық көшірмелерін жасау
үшін Windows құралдарын пайдалануға болады. Ақпаратты
Windows құралдарын
пайдалану (51-бет) бөлімінен қараңыз.
Егер компьютерде Recovery бөлімі немесе Windows бөлімі болмаса, компьютерді сəтті түрде
орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін HP Recovery Manager құралын
пайдаланыңыз. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін
қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру зауытта орнатылған бастапқы операциялық жүйесін
жəне бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатады жəне бағдарламалардың баптауларын теңшейді.
HP Recovery құралын жүйе параметрлерін
бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық
кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық
дискенгізгі болуы керек жəне тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL
немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW
дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын
дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса,
бірақ DVD қалпына келтіру медиасын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға болады.
Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы
керек. Диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
Егер өзіңіз DVD медиасын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан компьютерді қалпына келтіру
дискілерін алуға болады. Осы
компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers
(əлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Əрі байланыс ақпаратын
HP веб-торабында табуға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Қажет болса, барлық қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды
аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру
сұралады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас
бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз.
50 11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Page view 59
1 2 ... 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 ... 70 71

Comments to this Manuals

No comments