HP Stream Notebook - 13-c103no (ENERGY STAR) User Manual Page 57

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 71
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 56
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық
сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық
жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың
ақаулықтарын бөлектейді.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерде BIOS құралын бастау үшін компьютерді ноутбук режиміне
ауыстырып, планшетке
тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз. Планшет режимінде көрсетілетін
экрандағы пернетақта көмегімен BIOS құралын ашу мүмкін емес.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. BIOS бастау үшін
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз жəне esc пернесін тез басып
қалыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз жəне дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз.
немесе
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз
жəне Windows түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тəртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (48-бет)
бөлімінен қараңыз.
ə. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Диагностикалық сынақты тоқтату үшін планшетте дыбыс
деңгейін төмендету түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты пернетақта көмегімен тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
47
Page view 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 ... 70 71

Comments to this Manuals

No comments