HP ProDesk 600 G3 Small Form Factor PC User Manual Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 51
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
DisplayPort шығыс ұяшығы бар графикалық карта: графикалық картаның төрт DisplayPort
қосқышы болса, мониторды әрбір қосқышқа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес адаптерлерді
пайдаланыңыз.
DVI шығыс ұяшығы бар графикалық карта: сізде екі DVI қосқышы бар графикалық карта болса,
мониторды әрбір қосқышқа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тек бір DVI портына ие модельдер әрқашан екінші графикалық шығыс опциясына
(DisplayPort немесе VGA) ие болады.
Көптеген графикалық карталарда екіден көп мониторға қосу ұялары болады, бірақ мүмкіндіктері
бір уақытта тек екі монитор қосумен ғана шектеледі. Графикалық карта құжатына жүгініңіз
немесе картадан Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру (13-бет)
бөліміндегі процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Екі DVI байланысы бар жүйеде 1-портты анықтау қажет болса, ол бастапқы дисплейді
қамтамасыз етеді, ол жерде жүйе өшіріліп, қайта іске қосылғаннан кейін, BIOS POST экраны
көрсетіледі. BIOS параметрлерін өзгертпесеңіз, BIOS POST барысында тек бір карта
пайдаланылады
.)
VGA және DL-DVI шығыс ұяшығы бар графикалық карта: компьютерде PCIe графикалық картасы
болмай, бір немесе бірнеше SVGA және/немесе DL-DVI қосқышы болса, мониторды әр шығыс
ұяшыққа жалғауға болады.
DMS-59 шығыс ұяшығы бар графикалық карта: компьютерде DMS-59 шығыс ұяшығы бар PCIe
графикалық картасы болса, мониторларды қосу үшін сәйкес адаптерді пайдаланыңыз.
DMS-59 шығысын екі DVI немесе екі VGA мониторына жалғау үшін адаптерлер бар.
Мониторларды қосу және теңшеу
ЕСКЕРТПЕ: Қолдайтын графикалық карталары әдетте мына бөлімде көрсетілгендей кемінде екі
мониторды қолдайды; кейбір қолдау көрсетілетін карталар көбірек мониторларды қолдайды. Толық
мәліметтерді графикалық карта құжатынан қараңыз.
1. Монитор кабелінің адаптерлерін компьютерге жалғаңыз (қажет болса), одан кейін тиісті монитор
кабельдерін адаптерлерге немесе тікелей графикалық картаға жалғаңыз.
14 3-тарау Компьютерді орнату
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 50 51

Comments to this Manuals

No comments