HP Pavilion 32 QHD 32-inch Display User Manual Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 35
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
Түйме бөгеулері
Қуат немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд ұстап тұру арқылы осы түйменің жұмысын бөгеуге
болады. Функцияларын қайтару үшін, сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция
монитор белсенді сигналын көрсетіп, қосылып тұрғанда және экрандық дисплей мәзірі жабық болған
жағдайда ғана қолжетімді болады.
Қолдау қызметіне хабарласу
Жабдық немесе бағдарламалық құрал ақауын шешу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіңіз
. Бұл сайтты ақауларды жою туралы талқылау форумдар және нұсқаулардың сілтемелерін
қамтитын өнім туралы ақпаратты алу үшін пайдаланыңыз. Сонымен қатар HP компаниясына хабарласу
және қолдау көрсету қорабы туралы ақпаратты алуыңызға болады.
Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу алдындағы
дайындық
Егер осы бөлімдегі ақауларды жою жөніндегі кеңестердің көмегімен ақауды жоя алмасаңыз,
техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болуы мүмкін. Қоңырау шалғанда сізде келесі
ақпарат болуы керек:
Монитор моделінің нөмірі
Монитордың сериялық нөмірі
шоттағы сатып алынған күн
Ақаудың пайда болу жағдайлары
Алынған қате туралы хабарлар
Жабдық конфигурациясы
Пайдаланылатын жабдық пен бағдарламаның атауы мен нұсқасы
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірін табу
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірі монитордың алдыңғы жиегіндегі жапсырмада орналасқан. Бұл
нөмірлер монитор туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін.
Сонымен қатар модель нөмірі мен сериялық нөмірді экрандық дисплей мәзірінен табуға болады.
Экрандық дисплей мәзірін ашып, төмен айналдырыңыз және Управление (Басқару) қойындысын
таңдаңыз. Содан кейін Информация (Ақпарат) қойыншасын таңдаңыз.
16 3-тарау Қолдау және ақаулықтарды жою
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 34 35

Comments to this Manuals

No comments