HP Pavilion 32 QHD 32-inch Display User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 35
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
Мониторды қосу
1. Құралды қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Мониторды қосу үшін, оның артқы жағындағы қуат түймесін басыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бір қозғалыссыз кескінді экранда екі сағат немесе одан көп уақыт бойы
көрсететін мониторларда қалдық кескін зақымы пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің зақымдалуын
болдырмау үшін, экранды сақтау бағдарламасын әрқашан іске қосыңыз немесе егер ұзақ уақыт
қолданылмаса, мониторды өшіріп қойыңыз. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін
жағдай. HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі қосылған
болуы мүмкін. Бұл функцияны өшіру үшін, монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Монитор қосылғанда, Состояние монитора (Монитор күйі) туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар
қай кірістің қосылып тұрғанын және автоқосқыш параметрінің күйін көрсетеді (қосу немесе өшіру;
зауыттық әдепкі мән — Қосу), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы және
ұсынылатын алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және монитор
үшін сол кірісті пайдаланады.
Мониторды орнату
Монитор басын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына бекітуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы UL немесе CSA тізіміндегі қабырғаға бекіту кронштейні арқылы тіреледі.
ЕСКЕРТУ: Бұл монитор VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату тесіктерін қолдайды.
Үшінші жақ орнату құралын дисплей басына бекіту үшін, 4 мм, биіктігі 0,7 және ұзындығы 10 мм төрт
бұранда қажет болады. Ұзын бұрандалар мониторды зақымдауы мүмкін. Өндірушінің орнату
құралының VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес келетінін және монитор басының салмағын
көтеретінін тексеру маңызды. Ең жақсы өнімділік үшін монитормен бірге берілген қуат және бейне
кабельдерін пайдалану маңызды.
Монитор тұғырын алу
ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, барлық кабельдердің
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Мониторды орнату 9
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 34 35

Comments to this Manuals

No comments