HP ENVY 4511 All-in-One Printer User Manual Page 42

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 88
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 41
Картридждың кепілдігі туралы мәлімет
HP картриджының кепілдігі өнім тағайындалған НР басып шығару құрылғысында пайдаланылғанда
күшінде болады. Осы кепілдіктің күші қайта толтырылған, қайта өңделген, жөнделген, дұрыс
пайдаланылмаған немесе қолдан жасалған НР сия картридждарына қатысты қолданылмайды.
Кепілдік кезеңінде НР сиясы таусылып қалмаса және кепілдік күнінің соңына жетпесе, ол картриджға
қолданылады. Кепілдік күнінің соңы ЖЖЖЖ/АА пішімінде болады, көрсетілгендей картриджда табуға
болады:
Принтердің HP шектеулі кепілдік туралы мәлімдемесінің көшірмесін алу үшін принтермен бірге келген
басып шығарылған құжаттаманы қараңыз.
Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер
Картридждармен жұмыс істегенде мына кеңестерді пайдаланыңыз:
Картридждарды құрғаудан қорғау үшін әрқашан принтерді On (Қосу) түймесін пайдаланып
өшіріңіз және On (Қосу) түймесінің шамы өшкенше күтіңіз.
Орнатуға дайын болғанша картридждарды ашпаңыз немесе таспасын алмаңыз. Картридждарда
таспаны қалдыру сияның булануын азайтады.
Картридждарды сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждың түсін және белгішесін әр ұяның түсі
мен белгішесіне сәйкестендіріңіз. Картридждардың орнына шырт етіп түсуін тексеріңіз.
Жаңа картридж орнатқан соң туралау автоматты орындалады. Бұлдыр немесе қисық сызықтар
болған жағдайда да туралаудың кейінірек көмектесуі мүмкін. Қосымша ақпаратты Басып шығару
сапасының мәселелерін түзету (58-бет) бөлімінен қараңыз.
Estimated Ink Levels (Болжалды сия деңгейлері) экраны бір немесе екі картридждың төмен күйде
екенін көрсетсе, ықтимал басып шығару кідірістерін болдырмау үшін ауыстыру картридждарын
алуды қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз болмайынша сия картридждарын
ауыстырудың қажеті жоқ. Қосымша ақпаратты Картридждарды ауыстыру (35-бет) бөлімінен
қараңыз.
Егер қандай да себеппен картриджды принтерден алсаңыз, оны мүмкіндігінше тез ауыстыруға
тырысыңыз. Принтердің сыртында, қорғалмаған болса, картридждар құрғай бастайды.
38 6-тарау Сия картридждарымен жұмыс істеу KKWW
Page view 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 ... 87 88

Comments to this Manuals

No comments