HP ENVY 4511 All-in-One Printer User Manual Page 50

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 88
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 49
Мысалы, IP мекенжайы 192.168.0.12 болса, келесі мекенжайды веб-шолғышқа енгізіңіз: http://
192.168.0.12.
Енгізілген веб-серверді Wi-Fi Direct арқылы ашу
1.
Басты экраннан (Wi-Fi Direct) белгішесін түртіңіз.
2.
Егер Wi-Fi Direct параметрі Өшірулі күйінде болса, ( Параметрлер ) белгішесін түртіп, қосу үшін
Wi-Fi Direct белгішесін түртіңіз.
3. Сымсыз компьютерден сымсыз қосылымды қосып іздеңіз және Wi-Fi Direct атауына қосылыңыз,
мысалы: DIRECT-**- HP ENVY-4510 (мұндағы ** — принтерді анықтайтын бірегей таңбалар).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышқа келесі мекенжайды енгізіңіз: http://
192.168.223.1.
«Сookie» файлдары туралы
Енгізілген веб-сервер шолуды орындап жатқан кезде қатты дискіге өте кішкентай мәтін файлдарын
(cookie) орналастырады. Осы файлдар келесіде кіргенде ендірілген веб-сервердің компьютерді
тануына мүмкіндік береді. Мысалы, енгізілген веб-сервердің тілін теңшеген болсаңыз, «cookie»
файлдары келесі рет енгізілген веб-серверге кіргенде, беттер сол тілде көрсетілуі үшін таңдалған тілді
есте сақтауға көмектеседі. Кейбір «cookie» файлдарын (мысалы, тұтынушы белгілеген
параметрлермен сақталатын «cookie» файлдары) қолмен жоймайынша компьютерде сақталады.
Шолғышты барлық «cookie» файлдарын қабылдау үшін теңшейтін етіп немесе қайсы «cookie»
файлдарын қабылдау немесе қабылдамау қажеттігін шешуге мүмкіндік беретін, әрбір «cookie» файлы
ұсынылған кезде ескертілетін етіп теңшеуге болады. Қажетсіз «cookie» файлдарын жою үшін
шолғышты да пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерге байланысты «cookie» файлдарын ажырататын болсаңыз, келесі
мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешеуін ажыратуға болады:
Бағдарламаны шыққан жерден бастау (әсіресе орнату шеберлерін қолданғанда пайдалы)
Ендірілген веб-сервер шолғышы тілінің параметрін есте сақтау
EWS Главная (Басты) бетін жекелеу
Құпиялылықты және «cookie» файлының параметрлерін өзгерту әдісі және «cookie» файлдарын қарап
шығу немесе жою жолы туралы қосымша ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттамадан
қараңыз.
Желілік принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер
Желілік принтерді орнату және пайдалану үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
Сымсыз желілік принтерді орнатқанда, сымсыз маршрутизатор қосылғанын тексеріңіз. Принтер
сымсыз маршрутизаторларды іздейді, содан кейін дисплейде анықталған желі атауларын тізеді.
Принтерде сымсыз байланысты тексеру мақсатында Сымсыз мәзірін ашу үшін басқару
тақтасында
(Сымсыз) түймесін түртіңіз. Егер бұл осы Сымсыз параметрі Өшірулі күйінде кенін
көрсетсе
, сымсыз қосылымды қосу үшін түртіңіз. Сымсыз орнату шебері автоматты түрде
басталады. Принтердің сымсыз байланысын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер компьютеріңіз виртуалды жеке желіге (VPN) қосылған болса, желідегі кез келген басқа
құрылғыға, соның ішінде принтерге қатынасу алдында VPN желісін ажырату керек.
46 7-тарау Принтерді жалғау KKWW
Page view 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 ... 87 88

Comments to this Manuals

No comments