HP ENVY 4511 All-in-One Printer User Manual Page 49

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 88
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 48
«Сookie» файлдары туралы
Құралдар жиыны (Windows)
Құралдар жинағы принтерге күтім көрсету туралы мәліметтерді береді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер жүйе талаптарына сай келетін болса, құралдар жинағын HP бағдарламалық
құрал ықшам дискісінен орнатуға болады. Жүйе талаптарын принтермен бірге берілетін НР
принтерінің бағдарламалық құралына арналған ықшам дискіде бар «Readme» файлынан табуға
болады.
Құралдар жинағын ашу
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программыарлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
2. Print & Scan (Принтер, Сканерлеу) түймесін басыңыз.
3. Принтерге күтім жасау түймесін басыңыз.
HP утилитасы (OS X)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін теңшейтін, принтерді теңшейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын және веб-тораптың қолдау көрсететін мәліметтерін табатын
құралдарды қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: НР қызметтік бағдарламаларында қол жетімді мүмкіндіктер таңдалған принтерге
байланысты әртүрлі болады.
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды береді.
Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде ықтимал басып шығару кідірістерін
болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз
болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
Қатты дискінің жоғарғы деңгейіндегі Бағдарламалар қалтасының Hewlett-Packard қалтасында
орналасқан HP утилитасын екі рет басыңыз.
Енгізілген веб-серверді ашыңыз
Желі немесе Wi-Fi Direct арқылы енгізілген веб-серверге кіре аласыз.
Желі арқылы енгізілген веб-серверді ашу
ЕСКЕРТПЕ: Принтер желіде және оның IP мекенжайы болуы қажет. Принтердің IP мекенжайын
Сымсыз белгішесін басу немесе желі конфигурациясының бетін басып шығару арқылы табуға болады.
Компьютердегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышта құрылғыға тағайындалған IP мекенжайды
немесе торап атауын енгізіңіз.
KKWW Кеңейтілген принтерді басқару құралдары (желілік принтерлер үшін) 45
Page view 48
1 2 ... 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 ... 87 88

Comments to this Manuals

No comments