HP EliteDisplay E233 23-inch Monitor User Manual Page 31

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 30
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс
жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген тиісті
қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы номиналды тогы розетканың номиналды
тогынан аспауы керек және қуат сымына қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы қуат
сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Әрбір құрылғының номиналды тогын (AMPS
немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
Мониторды оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны
берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып
ажыратпаңыз.
Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану және
пайдаланылмаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың жұмыс істеу мерзімін
айтарлықтай арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе жабуға
болмайды. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат салмаңыз.
Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
Мониторды жақсы желдетілетін аумақта, шамадан тыс жарық, ыстық немесе ылғалдан ары
ұстаңыз.
Монитор тірегін шығарғанда, оның бетінің тырналуын, зақымдалуын немесе бұзылуын
болдырмау үшін мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ бетке қою керек.
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз және қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.
2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп,
электрониканы зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары 25
Page view 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments