HP ZBook 17 G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 88
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
3 Желі қосылымдары
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth құрылғысы - компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке
аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана
отырып басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймешігі («ұшу режимі пернесі» немесе «сымсыз байланыс пернесі» де деп
аталады) (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады).
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймесі
Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі
сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды.
Амалдық жүйе басқару элементтері
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Сымсыз желіге қосылу 17
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 87 88

Comments to this Manuals

No comments