HP Slate 21-k100 All-in-One User Manual Page 30

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 41
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 29
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Барлығы біреуде мониторының жұмысын жақсарту жəне оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту
үшін:
Барлығы біреуде мониторының корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге əрекет
жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана
реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті
HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Барлығы біреуде мониторымен монитордың
жапсырмасында немесе артқы тақтасында
көрсетілген тиісті қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз.
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы номиналды тогы розетканың
номиналды тогынан аспауы керек жəне қуат сымына қосылған құрылғылардың жалпы
номиналды тогы қуат сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Əрбір құрылғының
номиналды тогын (ампер немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
Барлығы біреуде
мониторын оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз.
Барлығы біреуде мониторын розеткадан ашасын мықтап ұстап ажыратыңыз. Ешқашан
мониторды сымынан тартып ажыратпаңыз.
Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Мониторды қолданыстан тыс кезінде өшіріп
қойыңыз, сонда қолдану мерзімі біршама ұлғаяды.
ЕСКЕРІМ: HP кепілдігі "люминофордың жануын" қамтымайды.
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе
жабуға болмайды. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат
салмаңыз.
Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз беткейге қоймаңыз.
Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
Мониторды жақсы желдетілетін жерде, шамадан тыс жарықтан, жылудан немесе
ылғалдан алыста ұстаңыз.
Монитордың тұғырын алғанда
, оның беті тырналып, зақымдалып немесе бұзылып қалмас
үшін мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ бетке қою керек.
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз жəне құрылғының артынан қуат сымын ажыратыңыз.
2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің
қоспасын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз.
Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп,
электрониканы зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш немесе
қандай да ұшпа зат сияқты мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Бұл
химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
24 Бап 4 Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар
Page view 29
1 ... 29 30 31 ... 41

Comments to this Manuals

No comments