HP ProDisplay P203 20-inch Monitor User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 34
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс
жұмыс істемесе
, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген тиісті
қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану және
пайдаланылмаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың жұмыс істеу мерзімін
айтарлықтай арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе жабуға
болмайды. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат салмаңыз.
Мониторды жақсы желдетілетін аумақта, шамадан тыс жарық, ыстық немесе ылғалдан ары
ұстаңыз.
Монитор тірегін шығарғанда, оның бетінің тырналуын, зақымдалуын немесе бұзылуын
болдырмау үшін мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ бетке қою керек.
Мониторды тазалау
1. Розеткадан қуат сымын ажырату арқылы мониторды өшіріңіз және қуатты ажыратыңыз.
2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз.
Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы
зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш немесе қандай да
ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Бұл химиялық
заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
Мониторды тасымалдау
Бастапқы қорапты сақтап қойыңыз. Ол кейінірек мониторды жылжытқанда немесе тасымалдағанда
қажет болуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары 23
Page view 28
1 ... 28 29 30 31 32 33 34

Comments to this Manuals

No comments