ЕСКЕРТПЕ: Орнату қатесін қабылдасаңыз, файлдарды қолмен орнатып көріңіз. Оптикалық дисктегі
HP Monitor Software Information (HP монитор бағдарламасы) туралы мәліметтер файлын қараңыз.
Интернеттен жүктеу
HP мониторларына қолдау көрсету веб-сайтынан INF және ICM файлдарының ең соңғы нұсқасын
жүктеп алуға болады.
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Өнімді табу бөлімін таңдаңыз.
3. Мониторыңызды таңдау және бағдарламалық құралды жүктеу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Экрандық дисплей (OSD) мәзірін пайдалану
Монитор экранындағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандық дисплей (OSD)
мәзірін пайдаланыңыз. OSD мәзірінде ашып, реттеу үшін монитордың алдыңғы беттік панельдегі
түймелерді қолданыңыз.
OSD мәзіріне кіріп, тиісті реттеулерді жасау үшін келесілерді орындаңыз:
1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Экрандық мәзірді ашу үшін Mеню (Мәзір) түймесін басыңыз.
3. Мәзір таңдауларын шарлау, таңдау және реттеу үшін пайдаланыңыз. Опциялар белсенді мәзірге
немесе ішкі мәзірге қарай ауысып отырады.
Келесі кестеде экран дисплейі мәзіріндегі мәзір таңдаулары берілген.
Негізгі мәзір Сипаттама
Жарықтық Экранның жарықтық деңгейін реттейді.
Контраст Экран конрастын реттейді.
Түсті басқару Экран түсін таңдайды және реттейді.
Кірісті басқару элементі Бейне кіріс сигналын таңдайды.
Кескінді басқару Экрандағы кескінді реттейді.
Қуатты басқару Қуат параметрлерін реттейді.
OSD басқару Экрандық дисплей мәзірінің өлшемін, орнын және сыртқы түрін реттейді.
Басқару DDC/CI қолдауын қосады/өшіреді және экрандағы дисплей мәзірінің барлық параметрлерін
зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады.
Тіл Экрандық мәзір көрсетілетін тілді таңдайды. Зауыттық әдепкі тіл – ағылшын.
Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты көрсетеді.
Шығу Экрандық мәзір экранынан шығу.
Экрандық дисплей (OSD) мәзірін пайдалану 15
Comments to this Manuals