HP DreamColor Z31x Studio Display User Manual Page 88

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 121
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 87
4 StudioCal XML схемасын пайдалану
StudioCal XML — дисплей калибрлеу процесін толық басқаруды қамтамасыз ететін Hp тағайындаған
XML схемасы. Ол үш калибрлеу алдын ала орнатылған параметрі үшін калибрлеу мақсаттарын
көрсету, өзгертпелі алдын ала орнатылған атауларды қамтамасыз ету және өлшенетін тексеру
үлгілерін анықтау мүмкіндігін беретін элементтер мен тегтерді қамтиды. Сондай-ақ ол калибрлеу LUT
кестелерін жүктеп алу және жүктеп салу, өзгертпелі кіріс атауларын, маркерлерді және
пайдаланушының алдын ала орнатылған параметрлерін орнату және толық дисплей
конфигурациясын жүктеп алу және жүктеп салу үшін пайдаланылады.
КЕҢЕС: StudioCal XML файлдарының жинағы дисплеймен бірге берілген оптикалық дискте
қамтылған. Сонымен қатар оларды www.hp.com сайтынан жүктеп алуға болады. Бұл файлдарды
тікелей дисплейде немесе үйрену құралдары ретінде пайдалануға болады.
Файл атауы мен диск пішімі
USB жетегі DreamColor USB порттарының біріне енгізілгенде, дисплей калибрлеу үшін пайдаланатын
StudioCal.xml файлын іздейді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Дисплей басқа XML файлдарын іздемейді, сондықтан дәл атау қойылуы керек.
Файл атауы регистр есебіне тәуелді емес.
StudioCal.xml файлын қамтитын USB жетектері FAT16, FAT32 немесе NTFS көмегімен пішімделуі мүмкін.
Декларация
Стандартты XML декларация мәлімдемесі файлдың бірінші жолында болуы керек. UTF-8, UTF-16,
ISO-8859-1 және т.б. Барлық стандартты шифрлау әдістеріне қолдау көрсетілген. Ол төмендегіше
құрылымдалуы керек:
<?xml version="1.0" encoding="ISO-8859-1"?>
Пікірлер
XML пікірлеріне қолдау көрсетілген және XML файлы арқылы орындалатын процедураларды көрсету
үшін тиімді. Мысалы, BT.709 түс кеңістігінің алдын ала орнатылған параметрін калибрлейтін StudioCal
XML файлы төмендегі пікір жолын қамтуы мүмкін:
<!--BT.709 calibration-->
Пікірлерді XML файлының кез келген жеріне қоюға болады.
Түпкі элемент
Барлық StudioCal пікірлері <studiocal> түпкі элементінде жасырылуы керек. XML файлындағы соңғы
пәрмен түпкі элемент үшін жабу тегі болуы керек. Сондықтан StudioCal XML файлының ең жоғары
деңгейі төмендегіше құрылымдалуы керек:
<?xml version="1.0" encoding="ISO-8859-1"?>
<studiocal>
78 4-тарау StudioCal XML схемасын пайдалану
Page view 87
1 2 ... 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 ... 120 121

Comments to this Manuals

No comments