HP DreamColor Z31x Studio Display User Manual Page 49

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 121
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 48
Өзгертпелі бейне кіріс атауының мысалы
Төменде өзгертпелі бейне кіріс атауы элементтерінің пайдаланылуын көрсететін StudioCal XML
файлының мысалы көрсетілген.
<?xml version="1.0" encoding="ISO-8859-1"?>
<studiocal>
<video_input entries="2">
<input_info input="DisplayPort1" name="HP Z840"/>
<input_info input="HDMI1" name="AJA Kona"/>
</video_input>
KVM қосқышын қолдану
Екі USB кірісі арнайы бейне кірістеріне біріктіріліп, KVM қосқышының жұмысын қамтамасыз етуі мүмкін.
Бұл мүмкіндік әдепкі бойынша өшірілген.
KVM қосқышы дисплейден екі бөлек компьютерді басқару мүмкіндігін береді. Мысалы, бір
компьютерге арнайы жұмыс ағыны құрылғысы ретінде пайдаланылып, басқасы электрондық пошта,
интернетке кіру және т.б. Мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
Компьютерлерді дисплейге жалғау әдісі
Келесі жабдық пен кабель қосылымдарын компьютерден дисплейге жалғаңыз:
1. Пернетақтаны дисплейдегі арнайы пернетақта портына жалғаңыз. Пернетақта порты басқа
порттардан 90 градусқа бұрылады.
ЕСКЕРТПЕ: Арнайы пернетақта портының орны туралы қосымша ақпарат алу үшін, Артқы және
бүйір бөлшектері (5-бет) бөлімінен қараңыз.
2. Екі компьютер арасында бөліскіңіз келетін тінтуір мен кез келген USB құрылғысын дисплейдегі
басқа қолжетімді USB порттарының кез келгеніне жалғаңыз.
3. Бейне кабельдерінің көмегімен (DisplayPort, HDMI немесе USB Type-C) әр компьютерден дисплейге
бейне қосылымын орнатыңыз.
4. Бір USB Type-B - Type-A кабелі мен бір USB Type-C - Type-A кабелі көмегімен әр компьютерден
дисплейге деректер қосылымын орнатыңыз. (Бұрын комптьютерді USB Type-C қосылымы
арқылы жалғаған болсаңыз, жеректер үшін сол USB Type-C қосылымын пайдаланасыз. Қосымша
қосылымдар қажет болмайды.)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Дисплейде екі бөлек компьютерді бақылау кезінде, пернетақта дисплейдегі
арнайы пернетақта портына жалғанғанын тексеріңіз. Пернетақта порты басқа порттардан 90 градусқа
бұрылады.
USB кірістерін бейне қосылымдарына байланыстыру әдісі
Дисплейді компьютерлерді анықтауға теңшеу үшін, экранды дисплейді пайдаланыңыз:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген түймені басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Видео вход (Бейне кірісі) > Привязка USB порта (USB портын байланыстыру) тармағын таңдаңыз.
KVM қосқышын қолдану 39
Page view 48
1 2 ... 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 ... 120 121

Comments to this Manuals

No comments