HP ZBook 17 Mobile Workstation User Manual Page 64

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 116
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 63
8 Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск
жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға,
сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына
төндіруге болмайды.
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірулі, ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді
қосып, амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Дискіні қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш
істікшелерді ұстамаңыз.
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына
немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш)
белгісін жапсырыңыз.
Дискінің магниттік өрістердің əсеріне
ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен
қыдырғанда немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын
шығарып алыңыз.
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
54 Бап 8 Дискілер
Page view 63
1 2 ... 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 ... 115 116

Comments to this Manuals

No comments