HP ZBook 17 Mobile Workstation User Manual Page 109

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 116
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 108
Компьютердің экраны бос
Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше
себеп болуы мүмкін:
Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып
қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе
компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде
жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы
жəне басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор
(Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы
параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін.
Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз
. Модельдердің
басым бөлігінде монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қосылған кезде
кескін компьютер экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде
берілуі мүмкін. fn+f4 пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі, бір немесе
бірнеше сыртқы дисплейлер арасында ауысып, барлық құрылғыларда бірден көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, экранның оң жағын
басу арқылы компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз. Шебер түймелері көрсетілгеннен кейін
Настройки (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз. Егер осы іс реті арқылы
компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса,
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді 99-бетте
атты келесі бөлімді қараңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын
тексеріңіз.
Мəселелерді шешу 99
Page view 108

Comments to this Manuals

No comments