HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 63

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 62
Батарея қуатын үнемдеу
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз.
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан
шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе
шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан
төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
тармағын таңдаңыз. Батарея туралы ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) > Обучение (Үйрену) >
Часто задаваемые вопросы: в схемах управления
питанием (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға жеткенде,
батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының
кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру
батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін
хабарлама пайда болады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
KKWW Қуат параметрлерін орнату 53
Page view 62
1 2 ... 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments