HP Stream x360 - 11-aa053sa User Manual Page 65

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 84
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 64
Бастамас бұрын
Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз:
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажетті сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру медиасын жасау үшін, келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютерде қалпына келтіру бөлімі болмаса, HP Recovery Manager Windows
жүйесінің қалпына келтіру дискісін жасау мүмкіндігін көрсетеді. Қалпына келтіру кескінін бос USB
флэш-жад дискісінде немесе қатты дискіде жасау жөніндегі экрандық нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар оптикалық дискенгізгі бар болса, тек
жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек.
CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері және BD-RE (қайта жазылатын Blu-ray)
дискілері сияқты қайта жазылатын дискілерді пайдаланбаңыз. Олар Recovery Manager
бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек
сатып алынады) пайдалануға болады. Сыртқы оптикалық диск қолданылса, ол
компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек. Дискіні USB хабы сияқты сыртқы
құрылғының USB портына жалғауға болмайды.
Жоғары сапалы бос USB флэш жадын пайдаланып, қалпына келтіру USB флэш-жадын
жасаңыз.
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Қажет болса, барлық қалпына келтіру медиа құралының жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD немесе флэш-жад дискісін
жасауды аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру
сұралады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР қалпына келтіру құралын HP Recovery Manager көмегімен жасау үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Создание носителей для восстановления (Қалпына келтіру тасығышын жасау) тармағын
таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жүйені қалпына келтіру қажет болса, HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (55-бет)
бөлімін қараңыз.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) 53
Page view 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 83 84

Comments to this Manuals

No comments