HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC User Manual Page 53

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 75
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 52
7 Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді күту мақсатында Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау сияқты құралдарды
пайдаланып, арқылы оңтайлы күйде сақтау үшін, жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды.
Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту туралы ақпарат, планшетті
тазалау нұсқаулары және планшетпен сапар шегу (планшетті тасымалдау) бойынша кеңестер
қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Жүйелі түрде қызмет көрсету тапсырмаларын Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау)
және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдар көмегімен орындау арқылы компьютердің
жұмысын өзгертуге болады.
Дискілер ұстау
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі,
ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді қосыңыз да,
өшіріңіз.
Қатты дискіні ұстағанда, жерге тұйықталған беткейге қолыңызды тигізіп, жиналған статикалық
токтан құтылып алыңыз.
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына немесе
басқа сәйкес қорғаныс бумасына салыңыз және бумаға "FRAGILE" (Сынғыш) белгісін жапсырыңыз.
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары
әуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін
тексеруге арналған әуежайлардағы белдікті конвейерлер және олар сияқты қауіпсіздік
құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян
келтірмейді.
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда
немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе
компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Компьютер жұмысын жақсарту 43
Page view 52
1 2 ... 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 ... 74 75

Comments to this Manuals

No comments