HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC User Manual Page 47

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 75
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 46
6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне
жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған
компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану және үнемдеу жолын басқару
үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады
.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар.
Ұйқылық – ұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін
автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады және ұйқылық күйден шығу жылдам іске
асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін
қолмен бастау және шығу (37-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту күйі – күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады. Күту күйі
қосылғанда, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады және компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: Күту күйін қолмен қосуға болады. Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу (37-бет)
және Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) (38-бет) бөлімдерінен
қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез келген
түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
Дисплейді жабыңыз.
Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) белгішесін
таңдаңыз және Спящий (Ұйқы күйі) параметрін басыңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 37
Page view 46
1 2 ... 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 ... 74 75

Comments to this Manuals

No comments