HP SlateBook 10-h030ru x2 PC User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 25
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
1 Негіздер
Компьютеріңізді пайдалануға кірісу үшін, мына нұсқауларды орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Жалпы пайдалану нұсқауларын компьютермен бірге жеткізілетін қораптағы
Орнату жөнінде нұсқаулардан қараңыз.
1. Компьютерді адаптерге қосып, одан кейін адаптерді қуат розеткасына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізбен бірге жеткізілетін адаптері ғана планшетті зарядтауға
ұсынылады.
2. Компьютерді қосу үшін оның жоғарғы жиегіндегі қуат түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Компьютерді бірінші рет қосу кезінде Сəлемдесу экраны ашылады.
3. Тілді таңдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді орнату жəне тіркеу кезінде, пернелердің орналасу схемасын
немесе енгізу əдісін аймағыңыз үшін орнату қажет.
Пернелердің орналасу схемасын немесе енгізу əдісін аймағыңыз үшін орнату:
а. Пернелердің орналасу схемалары арасында ауысу үшін Ctrl + spacebar пернелерін
басыңыз немесе енгізу əдістері арасында ауысу үшін Alt + Shift пернелерін басыңыз.
ə. Қажет болса, пернетақтаның физикалық схемасын өзгерту үшін Setting
(Параметрлер), Тіл жəне енгізу, одан кейін HP Keyboard (НР пернетақтасы)
пəрмендерін
таңдаңыз.
б. Physical Keyboard (Физикалық пернетақта) пəрменін басып, Set up keyboard layouts
(Пернелердің орналасу схемаларын орнату) тармағын таңдаңыз, одан кейін
аймағыңыз үшін физикалық пернетақтаны таңдаңыз.
4. Электрондық пошта мекенжайы мен Google™ есептік жазбасы үшін құпия сөз арқылы
жүйеге кіріңіз. Осы электрондық пошта мекенжайын Google есептік жазбаларының кез
келгені үшін пайдалануға болады:
Gmail
YouTube
Google Apps
AdWords
Кез келген Google өнімі
Егер Google
есептік жазбаңыз болмаса, оны жасау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Google есептік жазбасына кірген кезде, электрондық пошта, контактілер,
күнтізбе оқиғалары мен сол есептік жазбамен байланысты ақпарат компьютеріңізде
қадамдастырылады. Егер қосымша Google есептік жазбаларыңыз болса, оларды кейінірек
қосуға болады.
1
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 24 25

Comments to this Manuals

No comments