HP SlateBook 10-h030ru x2 PC User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 25
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
2 Android мүмкіндіктерін пайдалану
Төменде жалпы Android мүмкіндіктерінің тізімі беріледі.
Экрандағы пернетақтаны жəне дыбыстық іздеу
мүмкіндіктерін пайдалану
ЕСКЕРІМ: Экрандағы пернетақтаны көру үшін, планшетті ең алдымен пернетақта тұғырынан
шығарып алу қажет. Шығару жөнінде нұсқауларды компьютермен бірге басылған пішінде
жеткізілетін қораптағы Орнату жөнінде нұсқаулардан қараңыз.
Экрандағы пернетақтаны ашу үшін, Негізгі экранның жоғарғы жағындағы іздеу жолағының
мəтін өрісін түртіңіз. Бір немесе бірнеше кілт сөзді теріп, Іздеу белгішесін
түртіңіз.
Дыбыстық іздеу мүмкіндігін (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану үшін, экранның жоғарғы
жағындағы Микрофон белгішесін түртіңіз де, бір немесе бірнеше кілт сөзді
сөйлеңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер пернетақтасының көрінісі мына суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Жылдам теңшелімдерді пайдалану
Жылдам теңшелімдерді Wi-Fi параметрлерін оңай ашу, дисплей жарықтығын басқару, негізгі
Параметрлер мəзірін ашу жəне басқа əрекеттерді орындау үшін пайдаланыңыз. Жылдам
теңшелімдерді ашу мақсатымен саусағыңызды экранның жоғарғы оң жақ бұрышынан төмен
сырғытыңыз жəне арнайы теңшелімді ашу үшін қораптардың біреуін түртіңіз.
2 Бап 2 Android мүмкіндіктерін пайдалану
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 24 25

Comments to this Manuals

No comments