HP ProDesk 600 G2 Small Form Factor PC User Manual Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 62
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен
көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер
бір арнаның жады
басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы,
егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен және үш 1-GB DIMM құралдарымен толтырып
жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM және бір 1-GB DIMM құралымен және В басқа екі 1-GB DIMM
құралдарымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4-Гб қос арна ретінде
және 1-Гб жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет.
Барлық
режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
DIMM құралдарын орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар
кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты
ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр
статикалық разряд (48-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе
алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына
немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сырты қызып кетуден болатын жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол
тигізбес бұрын ішікі бөлшектерінің салқындауына уақыт беріңіз.
14 2-тарау Құрылғы жаңартулары
Page view 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 61 62

Comments to this Manuals

No comments