HP ProDesk 600 G2 Small Form Factor PC User Manual Page 19

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 62
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 18
Қосымша жад орнату
Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад
модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
DIMM құралдар
Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркәсіптік-стандартты DIMM құралдарымен толтырылуы
мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын ала орнатылған DIMM болады. Жад қолдауын
барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде
жиналған жад орнатуға болады.
DDR4-SDRAM DIMM құралдары
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін DIMM құралдары мына талаптарға сай болуы тиіс:
өндірістік стандарты 288-істік
буферсіз ECC PC4-17000 DDR4-2133 МГц-үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM DIMM құралдары
Сонымен қатар DIMM құралдары:
CAS кідірісіне 15 DDR4 2133 МГц (15-15-15 уақыты) қолдау көрсетеді
құрамында міндетті түрде JEDEC SPD ақпараты болуы тиіс
оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
512-Mбит, 1-Гбит, және 2-Гбит ECC-емес жад технологияларын
жалғыз-жақты және
екі-жақты DIMM құралдарды
x8 және x16 DDR құрылғысымен жасалған DIMM құрылғылар; x4 SDRAM арқылы жасалған DIMM
құралдарды қолдамайды
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ DIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
DIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт DIMM ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM2 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM3 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM құралдарының орнатуларына қарай автоматты түрде жалғыз арналы, қос арналы, немесе
икемді режимде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының
конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, егер А арнасы екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылса және
В 2-GB DIMM біреуімен толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет атқарады
.
Қосымша жад орнату 13
Page view 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 61 62

Comments to this Manuals

No comments