HP ENVY Photo 7855 All-in-One Printer User Manual Page 52

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 220
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 51
Сканерлеу
Құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қағаз түрлерін сканерлеуге және оларды компьютер
немесе электрондық хабар алушысы секілді тағайындалған әр түрлі орындарға жіберуге болады.
Құжаттарды HP принтерінің бағдарламалық құралымен сканерлеген кезде іздеуге және өңдеуге
болатын пішімде сканерлеуге болады.
Жиексіз түпнұсқаны сканерлеу кезінде құжатты беретін құралын емес, сканер әйнегін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір сканерлеу функциялары HP бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін ғана қол
жетімді болады.
КЕҢЕС: Құжаттарды сканерлеу кезінде ақаулар туындаса, Сканерлеу ақаулары бөлімін қараңыз.
HP Smart бағдарламасын сканерлеу
HP принтерінің бағдарламалық құралын пайдаланып сканерлеу
Принтер басқару тақтасынан сканерлеу
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
HP Smart бағдарламасын сканерлеу
HP Smart қолданбасын құжаттарды не суреттерді принтер сканерінен сканерлеу үшін пайдалана
аласыз, сондай-ақ құрылғы камерасымен де сканерлеуге болады. HP Smart құрамында сканерленген
кескінді сақтау не бөлісу алдында оны реттеуге мүмкіндік беретін өңдеу құралдары қамтылады.
Сканерленген құжаттарды басып шығаруға, жергілікті түрде немесе бұлт қоймасында сақтауға,
электрондық пошта, SMS, Facebook, Instagram, т.б. арқылы бөлісуге болады. HP Smart арқылы
сканерлеу үшін пайдаланылатын құрылғы түріне байланысты төмендегі сәйке бөлімдегі нұсқауларды
орындаңыз.
Windows 10 жүйесі бар құрылғыдан сканерлеу
Android немесе iOS құрылғысынан сканерлеу
Осы бөлімде Android, iOS немесе Windows 10 құрылғысынан сканерлеу үшін HP Smart қолданбасын
пайдалануға арналған негізгі нұсқаулар беріледі. HP Smart қолданбасын пайдалану туралы қосымша
ақпаратты келесі бөлімінен қараңыз:
iOS/Android: www.hp.com/go/hpsmart-help
Windows: www.hp.com/go/hpsmartwin-help
46 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW
Page view 51
1 2 ... 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 ... 219 220

Comments to this Manuals

No comments