HP ENVY 27 27-inch Display User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 31
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
Мониторды қосу
1. Құралды қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Артындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бір қозғалыссыз бейнені үздіксіз 12 сағат бойы көрсететін мониторларда қалдық кескін
пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің экранда пайда болуының алдын алу үшін экранды сақтау
бағдарламасын қосу керек немесе егер ұзақ уақыт қолданылмаса, мониторды өшіріп қою керек.
Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар
мониторларды қамтымайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі қосылған
болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық мәзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитордағы Меню (Мәзір)
түймесін басып, Управление питанием (Қуатты басқару) > Индикатор Power (Power көрсеткіші) >
Выкл. (Өшіру) параметрлерін таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің қосылып
тұрғанын және автоқосқыш параметрінің күйін көрсетеді (қосу немесе өшіру; зауыттық әдепкі мән —
Қосу), ағымдағы алдын ала орнатылған ажыратымдылық және ұсынылатын алдын ала орнатылған
дисплей ажыратымдылығы.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және экран
үшін сол кірісті пайдаланады.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын
түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары
сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Мониторды 24 сағат қолдану нәтижесінде пайда болатын бейне ақаулықтары HP кепілдемесінде
аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз
немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін қолданыстан тыс кезде
мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
Мониторды орнату 9
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 30 31

Comments to this Manuals

No comments