HP EliteDesk 800 G4 Tower PC User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 77
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
5,25 дюймдік дискіні салу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден шағын дискілер және USB флэш-жад құралдары сияқты барлық алынатын
құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз
.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашпас бұрын айнымалы ток сымын қуат көзінен ажырату керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
6. Алдыңғы жапқышты алыңыз. Егер дискіні бітеуіш жапқышпен жабылған саңылау ішіне
орнататын болсаңыз, бітеуіш жапқышты алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бітеуіш
жапқыштарды алу (8-бет) бөлімін қараңыз.
7. Егер оптикалық дискіні орнатып жатсаңыз, төрт M3 метрикалық бекіту бұрандасын (бірге
жеткізілмейді) дискінің жан-жағындағы төменгі ойықтарына орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Оптикалық дискіні ауыстырған кезде төрт M3 метрикалық бекіту бұрандасын ескі
дискіден алып, жаңа дискіге салыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бекіту бұрандалары ретінде тек ұзындығы 5 мм бұрандаларды
пайдаланыңыз. Одан ұзынырақ бұрандалар драйвердің ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
Дискілерді орнату және алу 25
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 76 77

Comments to this Manuals

No comments