HP EliteDesk 800 G4 Tower PC User Manual Page 31

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 77
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 30
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін
болдырмау үшін:
Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және
қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты
қозғамаңыз.
Дискпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс кезінде
қосқышты қозғамаңыз. Электростатикалық бүлінулер туралы қосымша ақпаратты Электр статикалық
разряд (57-бет) бөлімінен қараңыз.
Драйвты абайлап ұстаңыз; түсіріп алмаңыз.
Драйвты енгізгенде шамадан артық күш қолданбаңыз.
Қатты драйвты сұйықтан, суық немесе ыстық температурадан, монитор немесе спикер сияқты
магниттік өрісі бар заттардан қашық ұстаңыз.
Егер драйвты поштамен жіберу қажет болса, драйвты орамға немесе басқа қорғайтын орамға салып,
сыртына мынандай белгі қойыңыз: "Сынғыш: Абайлап ұстаңыз.”
5,25 дюймдік дискіні алу
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерден драйвты алғанда барлық алынбалы медианы драйвтан алып тастау
қажет.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден шағын дискілер және USB флэш-жад құралдары сияқты барлық алынатын
құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды
ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашпас бұрын айнымалы ток сымын қуат көзінен ажырату керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
6. Алдыңғы жапқышты алыңыз. Алдыңғы жапқышын алу (8-бет) бөлімін қараңыз.
Дискілерді орнату және алу 23
Page view 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 ... 76 77

Comments to this Manuals

No comments