HP EliteDesk 705 G2 Microtower PC User Manual Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
Дискілерді орнату және алу
Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз:
Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті
негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек.
Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA
жалғағышына қосыңыз (SATA1 және SATA2 деген жапсырмалары бар).
HP қатты диск ұясының (1) жанындағы шассидің алдыңғы жағында орнатылған төрт қосымша
6-32 қатты
диск орнату бұрандасын берген. Қатты дискіні алған кезде ескі дискінің бекіту
бұрандаларын алып, жаңа дискіге бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау үшін:
Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және
қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты
қозғамаңыз.
Драйвпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс
кезінде қосқышты қозғамаңыз. Электростатикалық бүлінулер туралы
қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (38-бет) бөлімінен қараңыз.
Драйвты абайлап ұстаңыз; түсіріп алмаңыз.
Драйвты енгізгенде шамадан артық күш қолданбаңыз.
Қатты драйвты сұйықтан, суық немесе ыстық температурадан, монитор немесе спикер сияқты
магниттік өрісі бар заттардан қашық ұстаңыз.
Егер драйвты поштамен жіберу қажет болса, драйвты орамға немесе басқа қорғайтын орамға салып,
сыртына мынандай белгі қойыңыз: "Сынғыш: Абайлап
ұстаңыз".
9,5 мм жіңішке оптикалық дискіні шығарып алу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
Дискілерді орнату және алу 19
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments