HP EliteDesk 705 G2 Microtower PC User Manual Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
2 Құрылғы жаңартулары
Қызмет көрсету функциялары
Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15
немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет.
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар қаупінің алдын алу үшін:
Қуат сымын розеткадан ажыратып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау
(NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымын әрқашан жетімді орналасқан жерлік тоқ көзіне қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін болдырмау үшін Қауіпсіздік және жұмыс ыңғайлылығы нұсқаулығын
оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау және компьютер
пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау мен дұрыс жұмыс істеу ережелері
сипатталған, сонымен
қатар, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл нұсқаулық
http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін бүлдіруі
мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып статикалық электр
зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін Электр статикалық разряд (38-бет)
бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған болса, жүйелік тақтаға үнемі кернеу беріледі. Ішкі бөлшектерінің
зақымдалуын болдырмау үшін компьютерді ашу алдында қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Қызмет көрсету функциялары 5
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments