HP EliteDesk 705 G1 Base Model Microtower PC User Manual Page 37

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 43
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 36
а Батарея ауыстыру
Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны
ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз.
Компьютер 3-вольттық тиын тəріздес ұялы литий батареясымен келеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар.
Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт жəне күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту
үшін:
Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
60°C (140°F) градустан жоғары температурадан қашық ұстаңыз.
Сыртқ
ы контактілерді бөлшектемеңіз, бұзбаңыз, теспеңіз, қысқа тұйықтамаңыз, не болмаса отқа
не суға тастамаңыз.
Тек осы өнімге арналған HP қосалқы батареясын қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ: Батареяны ауыстырмас бұрын, компьютердің ҚМҚЖ (қосымша метал қышқылдық
жартылай өткізгіш) параметрлерін сақтаңыз. Батареяны алғанда немесе ауыстырғанда ҚМҚЖ
параметрлері өшіріледі.
Статикалық қуат компьютердің немесе қосымша жабдықтың электрлік бөлшектеріне зақым
келтіруі мүмкін. Бұл
іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Литий батареясын компьютерді AТқабырға көзіне қосу арқылы ұзағырақ
пайдалануға болады. Литий батареясы компьютер қуат көзін ҚОСЫЛМАҒАНДА ғана
қолданылады.
HP компаниясы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын
қайта өңдеуге өткізуге шақырады.
Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат:
http://www.hp.com/recycle.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды ө
шіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Батарея мен батарея ұяшығын жүйе тақтасына орналастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер үлгілерінде батареяға жету үшін ішкі компонентін алып
тастау қажет болады.
31
Page view 36
1 2 ... 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43

Comments to this Manuals

No comments