HP DreamColor Z24x G2 Display User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 45
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
4 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
Монитормен бірге оптикалық дискі берілсе, оның ішінде компьютерге орнатуға болатын келесі
файлдар болады. Оптикалық дискі болмаса, файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен
жүктеп алуға болады
.
INF (Ақпарат) файлы
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
Түсті калибрлеу бағдарламалық құралы
Ақпарат файлы
INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Windows® операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Windows «Plug and Play» жүйесімен үйлесімді және монитор INF файлын орнатпай-ақ
дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердегі графикалық
картаның VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей графикалық картаға
қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/
қораптары арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
INF және ICM файлдарын орнату
Жаңарту керектігін анықтағаннан кейін файлдарды орнатудың келесі әдістерінің бірін пайдаланыңыз.
Оптикалық дискіден орнату (кейбір аймақтарда қолжетімді)
1. Оптикалық дискіні компьютердің оптикалық дискі жетегіне салыңыз. Оптикалық диск мәзірі
көрсетіледі.
2. Содержит информацию о программном обеспечении монитора HP (HP мониторындағы
компьютерлік бағдарлама) файлын қараңыз.
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс
мәндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
Бағдарламалық құрал және утилиталар 23
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 44 45

Comments to this Manuals

No comments