HP DreamColor Z24x G2 Display User Manual Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 45
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
ЕСКЕРТПЕ: Мониторда көрсетілген экран дисплейі бұралған кезде альбомдық көріністен
кітаптық көрініске автоматты түрде өзгертетін авто айналдыру сенсоры бар. Экрандағы суретті
альбомдық көріністен кітаптық көрініске айналдыру үшін операциялық жүйенің дисплей
параметрлерін пайдаланыңыз.
Мониторды қосу
1. Монитордың артқы панеліндегі негізгі қосу түймесін ҚОСУ күйіне қойыңыз.
2. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
3. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір
статикалық кескінді көрсетудің нәтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай
зақымдалуды болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаса, мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін
жағдай. HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
* Бейненің 12 сағат қатар қозғалыссыз болуы ұзақ уақыт кезеңі болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі қосылған
болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің қосылып
тұрғанын және автоқосқыш параметрінің күйін көрсетеді (Қосу немесе Өшіру; зауыттың әдепкі мәні
қосылған), әдепкі сигнал (зауыттың әдепкі мәні - DisplayPort), ағымдағы алдын ала орнатылған
дисплей ажыратымдылығы және ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы
екенін көрсетеді.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және көрсету
үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс қосылған болса, монитор әдепкі кіріс көзін көрсетеді.
Белсенді кірістердің бірі әдепкі кірістердің бірі болмаса, монитор біріншілігі ең жоғарғы кірісті
көрсетеді. Экран дисплейінде кіріс көзін таңдай аласыз. Түймешіктерді белсендіру үшін тақтадағы бес
түйменің біреуін басыңыз, сосын экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу)
түймесін басыңыз. Экран дисплейінде Видеовход (Бейне кірісі) опциясын таңдаңыз және қалаған кіріс
көзін таңдаңыз.
Мониторды қосу 15
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 44 45

Comments to this Manuals

No comments