HP Tango User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 110
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
HP Smart қолданбасы арқылы қосу
HP Smart қолданбасымен реттеу үшін
Принтерді сымсыз желіге орнату үшін HP Smart қолданбасын пайдалануға болады. HP Smart
қолданбасына iOS, Android және Windows құрылғыларында қолдау көрсетіледі. Осы қолданба туралы
ақпарат алу үшін, Басып шығару, көшіру, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын
пайдаланыңыз бөлімін қараңыз.
1. Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың сымсыз желіге қосылғанына және сымсыз
желінің
Wi-Fi құпиясөзін білетініңізге көз жеткізіңіз.
2. Егер iOS немесе Android мобильді құрылғысын пайдаланып жатсаңыз, Bluetooth мүмкіндігі қосулы
екенін тексеріңіз. (HP Smart қолданбасы iOS және Android мобильді құрылғыларында орнату
процесін жылдам орындау үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдаланады.)
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы Bluetooth мүмкіндігін тек принтерді орнату үшін пайдаланады.
Bluetooth мүмкіндігі арқылы басып шығаруға қолдау көрсетілмейді.
3. Принтердің Auto Wireless Connect (AWC) орнату режимінде болуына көз жеткізіңіз.
Принтер AWC орнату режиміне өткенде, Жиек жарығы көк түспен жанатын екі кішкентай жарық
жолағын көрсетеді, төменгі үлкен жарық жолағы көк түспен қайталанып ортадан сыртқа қарай
соғып тұрады.
Егер бұл принтерді бірінші рет реттеуіңіз болса, принтер қуат көзіне қосылғаннан кейін принтер
орнатуға дайын болады. Ол қосылу үшін екі сағат ішінде HP Smart қолданбасын іздеуді
жалғастырады, сонан соң іздеуді тоқтатады.
Принтерді AWC орнату режиміне қайтару үшін принтердің артқы жағындағы (Wi-Fi түймесі)
кемінде үш секунд басып тұрыңыз.
4. HP Smart қолданбасын ашыңыз, сонан соң келесілердің бірін орындаңыз:
iOS/Android: Негізгі экранда Плюс белгішесін түртіп, принтерді таңдаңыз. Егер принтер
тізімде болмаса, Add a new printer (Жаңа принтер қосу) опциясын түртіңіз. Принтерді желіге
қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows: Негізгі экранда Find Printer (Принтерді табу) опциясын басыңыз немесе түртіңіз.
Егер принтер табылмаса, Set up a new printer (Жаңа принтер орнату) опциясын басыңыз
немесе түртіңіз. Принтерді желіге қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW HP Smart қолданбасы арқылы қосу 29
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 109 110

Comments to this Manuals

No comments