HP ProDesk 400 G4 Desktop Mini PC User Manual Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 49
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
Жад модулін орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30
секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар
кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модулінің ұяларында алтынмен жалатылған металл түйіспелері бар. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (38-бет) бөлімінен қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
5. Алынбалы панелін алу.
Кіру панелін 35W үлгісінен алып тастау нұсқаулары бойынша HP EliteDesk 800 35W кіру
панелін алып тастау (12-бет) бөлімін қараңыз.
Кіру панелін кез келген басқа үлгіден алып тастау нұсқаулары бойынша Алынбалы тақтаны
алу (10-бет) бөлімін қараңыз.
Нұсқауларды Алынбалы тақтаны алу (10-бет) атты бөлімнен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
Жүйе жадын жаңарту 17
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 48 49

Comments to this Manuals

No comments