HP Passport 1912nm 18.5-inch Internet Monitor User Manual Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 29
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
Ықшам дискіден орнату
.INF жəне .ICM файлдарын компьютерге ықшам дискіден орнату үшін:
1. Ықшам дискіні компьютердің CD-ROM дискіенгізгісіне салыңыз. Ықшам дискі мəзірі
көрінеді.
2. Монитор драйвері бағдарламасының мəліметтері файлын қараңыз.
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс
мəндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Орнату қатесі болған жағдайда монитордың сандық қолтаңба қойылған INF жəне
ICM файлдарын ықшам дискіден қолмен орнату қажет болуы мүмкін. Ықшам дискідегі Монитор
драйвері бағдарламасының мəліметтері файлын қараңыз.
Интернеттен жүктеу
HP мониторларына қолдау көрсету веб-сайтынан .INF жəне .ICM файлдарының ең соңғы
нұсқасын жүктеу үшін:
1.
http://www.hp.com/support сайтына өтіп, ел аймағын таңдаңыз.
2. Мониторға арналған қолдау көрсету бетіне жəне жүктеу бетіне сілтемелер бойынша өтіңіз.
3. Жүйенің талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз.
4. Нұсқауларды орындау арқылы бағдарламаны жүктеңіз.
Мониторды пайдалану жəне реттеу
Автоматты түрде реттеу функциясын пайдалану
Экранның жұмысын VGA (аналогтық) кірісі үшін монитордағы авто түймесін (нақты түйме
атауын тиісті модельдің пайдаланушыға арналған нұсқаулығынан қараңыз) жəне берілген
ықшам дискідегі автоматты түрде реттеу үлгісі утилитасын пайдалану арқылы оңтайландыруға
болады (тек модельдерді таңдаңыз).
Егер монитор VGA кірісінен басқа кірісті пайдаланса, бұл процедураны пайдаланбаңыз. Егер
монитор VGA (аналогтық) кірісін пайдаланса, бұл процедура сурет сапасының келесі күйлерін
түзете алады:
Бұлдыр немесе анық емес фокус
Кескіннің қосарлануы, созылу немесе көлеңке əсерлері
Бұлыңғыр тік жолақтар
Жіңішке көлденең айналма сызықтар
Ортадан ауытқыған сурет
KKWW Мониторды пайдалану жəне реттеу 7
Page view 12
1 ... 12 13 14 ... 29

Comments to this Manuals

No comments